Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында Мәуліт мерекесі өтті

Естай атындағы Павлодар қалалық мәдениет сарайында Мәуліт мерекесі аталынып өтті. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың іс-әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға үндейтін бұл шараға Астана қаласындағы "Хазірет Сұлтан" мешітінің бас имамы, "Дін мен діл" атты кітаптың авторы, ҚР Бас Мүфтиінің орынбасары наиб-мүфтий Қайрат Жолдыбай қатысты. Сондай-ақ, мереке шеңберінде оқушылар мен студенттер арасында алдын-ала жарияланған мүшәйраның қорытындысы айтылып, діни тақырыпта айтыс өткізілді. Мәуліт мерекесі өнер ұжымдарының дайындаған концертіне ұласты. 

 Мереке соңында облыстық мешіттің бас имамы Нариман қажы сөз сөйлеп, барлық жиналғандарға шексіз алғысын білдірді. 

Add comment


Security code
Refresh